Қырғызстан билігі ауыл шаруашылық тауарларының жекелеген түрлерін елден әкетуге тыйым салды. Бұл туралы World of NAN порталы Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қырғыз билігінің мәліметінше, ел аумағынан жем-шөп түрлерінің барлығын (шөп, сабан, кебек, астық жем, т.б.), арпа, күріш, сондай-ақ сұлыны сыртқа шығаруға болмайды.
Бұл ауыл шаруашылық тауарларын әкетуге уақытша тыйым алты ай мерзімге салынып отыр. Шектеу шаралары қайта экспорттау, транзиттік тауарлар, сонымен қатар Қырғыз Республикасы министрлер кабинеті жүргізетін гуманитарлық көмекке қатысты емес.
Жамбыл облысында 22 тамызда төтенше жағдай жарияланды. Қырғызстанның Киров су қоймасынан келетін су бес есе азайып, тамыз ортасына қарай тіптен тоқтады. Соның салдарынан Жамбыл облысында құрғақшылық болып, мыңдаған гектар егістік жер қурап кетті. Қырғыз тарабы екі ел арасындағы келісімді бұзбағанын, құрғақшылыққа байланысты өздеріне де су жетіспей жатқанын айтқан болатын.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение