Қырғызстанда астық жинау науқаны аяқталды, бидайдың түсімі өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға төмен. Бұл жөнінде World of NAN порталы Қырғызстанның статистика комитетіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Биылғы жылдың 23 қарашасындағы жағдай бойынша, 585,1 мың га алқаптан дәнді дақыл (бұршақ, күріш және қарақұмықты қоспағанда) жиналған, бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі көрсеткіштен 1,7%-ға артық. Бұл ретте бастапқы тіркелген салмақта 1,7 миллион тонна астық бастырылыпты, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13,4 пайызға аз. Дәнді дақылдардың шығымы 28%-ға төмендеген.
Биылғы жылдың жазында вегетация кезеңінде ауа температурасының нормадан тыс жоғары болуына байланысты бидайдың жалпы түсімі 25,7%-ға төмендеп, орташа өнімділігі 20,2 ц/га болды, 464 мың тонна бидай бастырылды (өткен жылы 625 мың тонна және 26,8 ц/га еді). Арпа жинау 29,5%-ға төмендеді: 403 мың тонна жиналып, орташа өнімділік 16,7 ц/га құраған ( былтыр 572 мың тонна және 24,4 ц/га болған).
Республикада бұршақ, майлы дақылдар және мақта егістіктері қысқарған. Мәселен, 53,6 мың гектар алқаптан бұршақ дақылдары жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,1%-ға аз, майлы дақылдар – 14,7 мың гектар алқаптан жиналды немесе 17,2%-ға аз, мақта – 17,6 мың га немесе 18,4%-ға аз.
Сонымен қатар, өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда қант қызылшасы түсімінің 37,3%-ға (600 мың тоннаға дейін) және дәндік жүгерінің – 10%-ға (800 мың тоннаға дейін) айтарлықтай өскені байқалды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение