Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрі Асқарбек Джаныбековтің айтуынша, Қырғызстанның 13 компаниясы сүт жеткізуге рұқсат беретін Қытай реестріне енгізілген. Бірақ әлі күнге Қытайға сүт жеткізбеген. Бұл туралы World of NAN порталы tazabek.kg сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қырғызстанның ауыл шаруашылық министрі басқа елдердің тиісті органдарынан экспортқа рұқсат ала отырып, экспортты әртараптандыру бойынша жұмыс жүргізу қажет деп санайды.
«Міне, Қытайдың сүт жеткізу реестріне 13 компания енгізілген, бірақ біз 1 кг сүт жіберген жоқпыз. Бүгінде Россельхознадзор бір шешіммен бәрімізді тізерлетіп қойды, бір шешіммен бүкіл сауыншымызды, Шоң-Алайдағы екі сиыр сауатын анамызды тізерлетіп қойды. Бір отбасын тізерлетіп қойды», - деді министр.
Оның айтуынша, сүт өнімдерінің 85 пайызы Қазақстанға жеткізіледі.
Асқарбек Жаныбеков Қазақстанның сүт әкелуге тыйым салу ықтималдығына тоқталып, Ветеринария қызметінің Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, Армения және Қытайға экспорттауға рұқсат алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение