Мәзір

Қытай Қазақстанның тыңайтқыш өндірісін дамытуға көмек ұсынды

17.08.2023
Қытай Қазақстанның тыңайтқыш өндірісін дамытуға көмек ұсынды

Шэньчжэнь қаласында өткен дөңгелек үстелде Қытайдағы фосфат тыңайтқыштарын өндірушілер қауымдастығының төрағасы Сюй Сюэфэн Қазақстанды тыңайтқыш өндіру саласында серіктес болуға шақырды. Бұл туралы World of NAN порталы премьер-министрдің баспасөз қызметіне сүйене отырып хабарлайды. 

Қытайдағы фосфат тыңайтқыштарын өндірушілер қауымдастығының төрағасы Сюй Сюэфэн Қытайдағы саланың дамуы туралы айтты.

Технологиялар мен жабдықтар дамыған сайын ҚХР-да тыңайтқыш өндірісінің қуаты үздіксіз өсіп келеді. Бүгінгі таңда Қытай фосфор тыңайтқыштардың екі түрі бойынша әлемдік өндірістің үштен бірінен астамын өндіреді, ал, олардың экспорты әлемдік тауар айналымының шамамен 30%-ын, тағы біреуі әлемдік тауар айналымының 11%-ын және әлемдік экспорттың 15%-ын құрайды.

Соңғы жылдары Қытайда органикалық тыңайтқыштарды қолданудың артуы байқалады. Бұл ретте тыңайтқыштардың басқа түрлерін өндірудің ауқымды нарығы қалыптасып келеді.

«Біздің қауымдастықтың Қытайдағы барлық тыңайтқыш өндірушілердің 90%-дан астамын қамтитын 400-ге жуық мүшесі бар. Біздің мүшелеріміз Қазақстан мен Қытайдың тыңайтқыштар өндіру саласындағы ынтымақтастығына қолдау көрсете алады деп ойлаймын», — деді ол.

Қытай тұқым саудасы қауымдастығының бас хатшысы Тянь Вэйхун Қазақстанда тұқым өндіру индустриясын бірлесіп дамытуды ұсынды.

«Тұқым – ауыл шаруашылығын дамытудың негізі. 30 жыл ішінде біз үлкен жетістікке қол жеткіздік. Әсіресе күріш, жүгері және басқа да дақылдар сорттарының тиімділігін арттырудағы нәтижелер жақсы. Жоғары сапалы тұқым Қытайдың ғана емес, шетелдің де сұранысын қанағаттандыра алады. Бұл егін алқаптары ауқымды Қазақстанның әлеуетіне сай келеді. Біз Үкімет деңгейіндегі диалогымызды нығайта аламыз, екі ел қауымдастықтары арасындағы тәжірибе алмасуды күшейте аламыз, осы салада ынтымақтасу үшін біздің компанияларға арналған платформалар жасап, сіздердің елдеріңізде тұқым өндіру индустриясының дамуына ықпал ете аламыз. Сондай-ақ біз Қазақстандағы астық қауіпсіздігіне үлес қосу үшін озық цифрлық технологияларымыз бен жасанды интеллектімізді бере аламыз», — деді Тянь Вэйхонг.

Қазақстан тарапы бірлестіктің бір топ мамандарын тамыз айында Қазақстанға келіп, ынтымақтастық жолдарын талқылауға шақырды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии