Мәзір

Қытай Қазақстанның балық экспортына келісім берді

11.07.2023
Қытай Қазақстанның балық экспортына келісім берді

Президенттің мамыр айындағы ҚХР-ға іссапары кезінде экспортталатын су өнімдеріне инспекция, карантин және ветеринариялық-санитариялық талаптар туралы хаттамаларға қол қойылған. Балық шаруашылығы комитеті таратқан ақпарат бойынша, Қытай отандық балық өнімдерін экспорттауға келісім берді, деп хабарлайды World of NAN.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті таратқан хабарламада “хаттама балық шаруашылығы субъектілері мен балық өңдеу кәсіпорындарына балық және балық өнімдерін Қытай Халық Республикасына экспорттауды ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес жүзеге асыруға мүмкіндік береді”, - деп айтылады.

Дегенмен отандық кәсіпкерлер экспортты жүзеге асыруы үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынымдарына сәйкес Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасының тізілімінде тіркелуге тиіс.

Кәсіпкерлік субъектілерін Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасының тізіліміне енгізу алгоритмі Балық шаруашылығы комитетінің ресми сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған: https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery/documents/details/489341?lang=kk


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии