Мәзір

Қытай су үнемдеу технологияларын енгізуге көмектеседі

28.03.2024
Қытай су үнемдеу технологияларын енгізуге көмектеседі

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Халық үкіметінің төрағасы Эркин Тунияз ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық, өнімділікті 30%-дан 70%-ға дейін арттыратын су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелерін талқылады. Бұл жөнінде World of NAN үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазақстанда суармалы жерлердің 50%-ына дейін су үнемдеу технологияларымен қамту жоспарланып отыр. Әзірге бұл көрсеткіш 16%-ды ғана құрайды. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін бірқатар кешенді шара қабылданған.

«Бізде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте су үнемдеуді енгізуді қолдау және ынталандыру үшін барлық бағдарламалық құжат бар. Біз бизнес-құрылымдармен жұмыс істеуге дайынбыз. Алматы, Түркістан және Қарағанды облыстарында жобаларды іске асыру басталды», — деді ҚР су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.

Қытайлық тарап суды үнемдеу саласында кешенді қызметтер көрсетуші «Тянье» компаниясының технологияларын қарастыруды ұсынды. Корпорация ҚХР-дағы 500 ірі компанияның қатарына кіреді. Оның өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісуге дайын, соның арқасында фермерлер 1 му-дан  (1 га=15 му) 500 кг мақта мен бір тонна жүгері жинайды.

Сонымен қатар, Серік Жұманғарин Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша бірлескен ғылыми сынақтар жүргізу үшін Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығымен ынтымақтастықты ұсынды. Компанияның Қазақстанда тек өндіріс орындарын емес, арнайы техника арқылы тамшылатып суару бойынша оқу орталықтарын  да ашу мүмкіндігі айтылды.

2023 жылы ҚР мен ҚХР арасындағы АӨК өнімінің тауар айналымы 1,7 есе өсіп, $1,3 млрд-тан асты (экспорт – $1,01 млрд (+184%), импорт – $290,2 млн (+125%).


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии