Мәзір

Қытайдың ірі мемлекеттік корпорациясы Қазақстаннан май өнімін сатып алмақ

08.08.2023
Қытайдың ірі мемлекеттік корпорациясы Қазақстаннан май өнімін сатып алмақ

Қытайдың ірі мемлекеттік корпорациясы қазақстандық өсімдік майын және май өнімдерін сатып алуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, күнбағыс майын, сонымен қатар шрот/күнжара сияқты ақуызы жоғары жемді импорттауға мүдделі. Бұл туралы World of NAN порталы АПК-Информ агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 

7 тамызда қытайлық C&D AGRI GROUP аграрлық бизнес-топтың өкілдері сауда қарым-қатынастарын дамыту және Қазақстанның май өнеркәсібі саласымен танысу мақсатында Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы басшылығымен келіссөздер жүргізді. Қауымдастықтың хабарлауынша, олар Алматыда орналасқан Қазақстандағы екі ірі май зауытымен таныстырған. Сондай-ақ қауымдастық ынтымақтастық орнату мақсатында C&D AGRI GROUP өкілдерімен еліміздің әртүрлі аймақтарында орналасқан өңдеу кәсіпорындарында келіссөздер мен кездесулер ұйымдастыратынын атап өтті.

C&D AGRI GROUP – Қытайдағы ауылшаруашылық өнімдерін ірі импорттаушылардың бірі, XIAMEN C&D Inc мемлекеттік корпорациясының құрамына кіреді. Қытайда, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Еуропада, Қара теңіз аймағында ауылшаруашылық өнімдерінің саудасын жүзеге асырады және қызметтер көрсетеді. Жүгері, ақ жүгері, арпа, күнбағыс пен рапс шроты/күнжарасы және басқа да ауылшаруашылық өнімдерінің импорты бойынша C&D AGRI GROUP Қытайда алғашқы үштікке кіреді.

Корпорация 2022 жылы түрлі елдерден 10 миллион тоннадан астам соя бұршағын (Қытайдың нарықтық үлесінің шамамен 12%), сондай-ақ негізінен Канада мен Украинадан 2 миллион тоннадан астам шрот/күнжара (күнбағыс және рапс) импорттады. Бұл Қытайдың осы өнімдерге импортының шамамен 50%-ын құрайды.

Бүгінде C&D AGRI GROUP Украина мен Ресейден күнбағыс майы мен шрот/күнжара сатып алады. Дегенмен Қазақстан географиялық тұрғыдан жақынырақ, сондықтан бұл елден май және май өнімдерін жеткізуді ұйымдастыру жоспарланып отыр. Компания жеткізу мерзімінің қысқа болуы сауда серіктестерін таңдауда маңызды фактор екенін атап өтті.

Осыған дейін хабарланғандай,  майлы дақылдарды қайта өңдеу қауымдастығының басшысы Ядықар Ибрагимов алдағы 3 жылда Қазақстаннан Қытайға май және май өнімдерін экспорттау әлеуетін $300 млн деңгейінде бағалаған. Ол қолда бар мүмкіндіктерді іске асыру үшін логистика саласындағы мәселелерді шешу қажеттігін атап өткен.

Шілде айының басында ұлттық қауымдастық Динси қаласының (Ганьсу провинциясы), Андин ауданының халық үкіметімен май және май өнімдері саласында 55 миллион доллар сомасына стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.Оған сәйкес, Қытайдың Динси қаласының Xinhui Port International Logistics компаниясы жыл сайын майлы дақылдарды қайта өңдеушілер ұлттық қауымдастығының кәсіпорындарынанан өсімдік майлары мен ақуызы жоғары жемдерді (шрот/күнжара) сатып алады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии