Мәзір

Қытайға астық экспорты ұлғая түсті

17.04.2024
Қытайға астық экспорты ұлғая түсті

2024 жылдың бірінші тоқсанында Қытай бағытындағы темір жол көлігімен экспорттық тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,1% өсіп, 3,2 млн тоннаны құрады. Оның ішінде астық тасымалы 27,8% ұлғайған. Бұл жөнінде World of NAN «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Достық–Алашаңқай шекара өткелімен Қазақстаннан Қытайға темір жол арқылы 2,2 млн тонна жүк жеткізіліп, өсім 12,3% құрады. 

Ал Алтынкөл–Қорғас арқылы 1 млн тонна (+44,4%) жүк тасымалданды.

Астықтан бөлек металл кендерінің экспорты - 5,8%, қара металдар – 2,3 есе, мұнай өнімдері – 12 есе, химиялық жүктер – 88,3%, түсті металдар тасымалы – 59,5% ұлғайған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии