Қытайлық «Сиань Ай Жуи» корпорациясы Солтүстік Қазақстан облысынан бидайдың үлкен көлемін сатып алып, 2025 жылы сатып алу көлемін 1 миллион тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Корпорацияның басшысы Цзя Хэй облыс әкімі Айдарбек Сапаровпен кездесуінде осылай мәлімдеді. Бұл туралы World of NAN порталы МТРК телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Кәсіпкер 2023 жылы Солтүстік Қазақстан облысынан 100 мың тонна астық импорттауды, 2024 жылы оның көлемін 500 мың тоннаға, ал 2025 жылы 1 миллион тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр.
«Үлкен мәселенің бірі – біздің облыстан бидай экспорттау. Бұл мәселеде бізге көмек керек, бірлесіп әрекет етуді ұсынамын», - деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі А. Сапаров Қытай делегациясына.
Қытай корпорациясының басшысы оларды тек жоғары сапалы бидай қызықтыратынын айтып, жергілікті элеватор өкілдерімен келісімнің егжей-тегжейін талқылағысы келетінін жеткізді.
Сондай-ақ қытайлық кәсіпкер Солтүстік Қазақстан облысын дамытуға 20 миллион доллар инвестиция құйып, соның нәтижесінде өңірдің агроөнеркәсіп кешенінде ауқымды жобалар жүзеге асырылатыны айтылды.
Бұл инвестиция Тайыншы ауданында ірі агропарк салуға мүмкіндік береді. Агропарктың аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру әрі саудалау, сондай-ақ Қытайдан жеткізілетін азық-түлік тауарларын агропарк аумағына экспорттау жүзеге асырылатын болады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение