Мәзір

Қытайлық Xinjiang Hualing холдингі Қазақстанға инвестиция жасауға дайын

31.07.2023
Қытайлық Xinjiang Hualing холдингі Қазақстанға инвестиция жасауға дайын

28 шілде күні қытайлық холдингтің басшылары мен Қазақстан үкіметінің арасында келіссөздер жүргізілді. Сауда және интеграция министрлігі мен Xinjiang Hualing Industry and Trade (Group) Co арасында ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды World of NAN.

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әлихан Смайылов Xinjiang Hualing Industry and Trade (Group) Co. төрағасы Ми Ын Хуамен және Shanxi Meijin Energy Co. басшысы Яо Цзинь Лунмен келіссөздер жүргізген.

Xinjiang Hualing Қытай холдингі девелопмент, сауда, ауыл шаруашылығы, логистика, энергетика және т. б. салаларда жұмыс жүргізеді. Әлихан Смайыловтың айтуынша, бұл салалардың барлығы - Қазақстан экономикасы үшін басым бағыттар, осыған орай, екі ел арасында өзара тиімді ынтымақтастық құрудың әлеуеті зор.

Өз кезегінде Ми Ын Хуа Қазақстанмен одан әрі ынтымақтастыққа сенім білдіріп, келешекте түрлі жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Xinjiang Hualing Group – 1988 жылдың шілдесінде құрылған, 20-дан астам еншілес компаниялары бар ҚХР аумағындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі.

Қызмет бағыттары: даму, сыртқы сауда қызметі, ауыл шаруашылығы, ауқымды логистика, экологиялық жобаларға инвестиция, энергетика.

ҚХР-да 5 млн шаршы метрден астам коммерциялық үй-жайлары, сонымен қатар Грузияда бизнесі бар.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии