Қостанай қаласында бидайды аминқышқылдарына, биоэтанолға, глютенге, мал азығына және бидай кебегіне терең өңдеу бойынша «Qostanay Grain Industry» зауыты 2027 жылы іске қосылмақ. Оны қытайлық Myande Group компаниясы жүзеге асырады. Бұл жөнінде World of NAN порталы «KAZAKH INVEST» ұйымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің отырысы аясында Қостанай қаласы әкімдігі, «Baiterek Venture Fund», «KazFoodProducts» және қытайлық «Myande Group» компаниясы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. 2027 жылы іске қосылатын зауыттың қуаты жылына 430 мың тоннаны құрайды және 600-ге жуық жұмыс орнын ашады деп жоспарланып отыр.
«Осы шартқа қол қою екіжақты қатынастарды нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Біз Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторында зор әлеуетті көріп отырмыз және бұл ынтымақтастық оның тиімділігі мен технологиялылығын арттырып қана қоймай, қазақстандық өнімнің Қытай нарығына шығуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті Myande Group бас директоры Ронг Чжэн.
«Төрт жақты келісім негізінде отандық кондитерлік компаниялардың одан әрі пайдалануы үшін крахмал сірне өндірісін жылына 33 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда. Жаңа жұмыс орындары құрылады. Қостанай облысының әкімдігімен және Baiterek Venture Fund-пен бірлесіп ауыл шаруашылығы саласындағы ауқымды жобаларды іске қосамыз және Myande Group-пен стратегиялық әріптестікке өте қуаныштымыз», – деп атап өтті KazFoodProducts Бас директоры Әлихан Қайратбек.
Сонымен қатар Myande Group өндіріс қуатын тәулігіне 200 тоннадан 300 тоннаға дейін арттыру үшін Алматы облысындағы жүгеріні терең өңдеу бойынша «АзияАгроФуд» зауытын жаңғыртып келеді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение