Қытайлық «Zhejiang Sunny Group Co., Ltd.» компаниясы Қазақстанда жүгері крахмалы мен тиамулин өндіретін зауыт салып, кейіннен биологиялық негізде өндірілетін өнімді кеңейтуге мүдделі. Бұл жөнінде World of NAN «KAZAKH INVEST» ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Елекеев және ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Сұлтанғали Кинжакулов қытайлық «Zhejiang Sunny Group Co., Ltd.» компаниясының басшылығымен кездесу өткізіп, Қазақстанда жүгері өңдеу өндірісін инвестициялау мәселесін талқылады.
Дайын өнім Еуропалық Одақ пен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне азық-түлік, фармацевтика, химия және ветеринария салаларында қолданыла отырып экспортталатын болады. Жоба сонымен қатар өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу, өндірістік ағын суларды тазарту және табиғи газды жағудан атмосфера шығарындыларые азайту үшін қондырғылар пайдалануды қарастырады.
Қытайлық компанияның басшысы Цзяньхуэй Чэнь Қазақстанда зауыт салуға қолайлы жағдайлар бар екенін, атап айтқанда стратегиялық орналасуын, жүгері өсіруге арналған жерлердің болуын және жергілікті жеткізушілерге жақындығын атап өтті. Оның айтуынша, компания 500 тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 150 млн долларлық жобаны инвестициялауға дайын.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық-экономикалық әріптестікті нығайтуға және осы жобаны іске асыруда ынтымақтасуға келісті.
Zhejiang Sunny Group Co., Ltd. өзінің патенттік биофармацевтикалық өнімдерін өндірумен, сатумен және қызмет көрсетумен айналысады. Компания биофармацевтика өнеркәсібіндегі микробтық ашыту және синтездеу мүмкіндіктері бар өндірушілердің бірі.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение