Қызылорда облысында облыс диқандарына су жеткізетін 2609 шақырым суару арналарын автоматтандыруды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда 17 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы World of NAN облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Осындай жобалардың бірі бойынша австралиялық Rubicon Water компаниясы Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп құжаттар әзірлеуде.
Биыл жобалық-сметалық құжаттардың барлығы дайын болады деп күтіліп отыр.
«Оңтүстік өңірлерде суармалы суды тиімді және үнемді пайдалану маңызды. Су инфрақұрылымын автоматтандыру және цифрландыру бұл бағыттағы маңызды қадам болмақ. Мұндай жобаларды, соның ішінде шетелдік әріптестеріміздің қатысуымен Қазақстанның басқа аймақтарында да жүзеге асыру жоспарлануда», - деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение