Қызылорда облысында ғалымдардың көмегімен күріштің өнімділігі жоғары жаңа сорттары өндіріске енгізіліп жатыр. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды World of NAN.
Әкім Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, биылғы егін науқаны кезінде әр гектардан 56,5 центнер өнім алынып, қамбаға 503 мың тонна күріш жиналған. Осы жылы су тапшылығына қарамастан, күріштің өнімділігі өткен жылмен бірдей болыпты. Оның айтуынша, суды үнемді пайдалану үшін тамшылатып, жаңбырлатып суару әдістерінің қолдану аясын кеңейтуге басымдық беріліп жатыр.
«Аймақта күріштің, өзге де дақылдардың жаңа сорттарын шығарып, өнім сапасын арттыру үшін Ыбырай Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының қызметімен бірлесіп жұмыс атқарылады. Жақында Ауыл шаруашылығы ғылым Академиясымен агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және инновациялық дамыту саласындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Өнімділігі жоғары, өсу мерзімі қысқа күріштің жаңа сорттарын өндіріске енгізудеміз. Ғалымдар бірнеше жаңа сорттарды сынақтан өткізуде. Биылғы нәтиже жақсы. Пилоттық жобадағы сорттар 10 центнерден жоғары өнім беріп, 10-15 күн ерте пісті. Келесі жылы да осы оң көрсеткіш сақталса, 2025 жылдан бастап жаңа сорттар қолданысқа енеді», – деді Нәлібаев.
Ол облыс аумағында егіс алқабын әртараптандыру жүріп жатқанын да айтып өтті.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение