Мәзір

Райымбек Баталов: меморгандар фермерлердің шағымына дер кезінде назар аудармайды

22.02.2024
Райымбек Баталов: меморгандар фермерлердің шағымына дер кезінде назар аудармайды

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы Райымбек Баталов жүгері өндірушілердің дабылына меморгандар дер кезінде ден қоймағанын айтты. Оның сөзінше өсімдік шаруашылығы мен астық өндірісі де осыдан зардап шегіп жүр. Бұл жөнінде World of NAN ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сауда және интеграция министрлігінің алқа мәжілісінде ұлттық кәсіпкерлеп палатасының төрағасы мемлекеттік органдар дер кезінде шешім қабылдамайтынын сынады. Ол отандық сауда агенттігі мен Азық-түлік корпорациясының жұмысындағы олқылықтарға тоқталды.

«Біз қазір бизнес сапалы сараптаманың тапшылығынан қиындықтар көріп отырғанын көріп жүрміз. Ұлттық палата ретінде бұл мәселені QazTrade сияқты құрылымдармен жеке қарау керек деп топшылаймыз. Нақты кейс те бар. Жүгеріні алайық, өнімділік болды, баға құлап, сату қиындады. Астықпен де осылай болды. Сата алмай отырмыз. Осы жерден сұрақ туады. Біздің QazTrade сияқты институттар, қауымдастықтар, кеңестер қайда?», - деді палата басшысы.

Ол талдаулар негізінде әр жағдайға икемді шешім ұсынылуы керек екенін, сауда саласына жауапты органдардан трендер анализі жетіспейтінін алға тартты. Ең болмаса елімізде өндірілген тауарлардың сұранысын нақты талдай алуымыз керек екенін айтты.

«Өсімдік шаруашылығы, астық өндірісі, бұл жолы жүгері өндірісі осыдан зардап шекті. Бізге мұндайда жедел, жылдам шешім керек – ұзақ уақыт өнімді сақтап отыра алмаймыз. Тек осы маусымға тариф мәселесін шешіп берсе деген сияқты ғой. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» көршілес Қытай нарығымен жылдам келісіп, түйткілді шешсе болар еді. Отандық бизнестің тынысы осындай мәселелерді қаншалықты жылдам шешкенімізге байланысты», - деді Баталов.

Ол мемлекеттің реттеу, стандарттау саясатын да сынға алды.

«Әзірленген стандарттардың жартысынан көбі қолданылмайтынын көріп жүрміз. Бұл жерде тәсілдерді қайта қарау керек шығар. Тауардың шыққан жері туралы сертификат мәселесі, STKZ, индустриялық сертификат, отандық өндірушілер тізілімі бойынша, ашығын айтқанда, өкінішке қарай, ахуал түбегейлі өзгеріп жатқан жоқ», – деді ол.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии