Ресей ауыл шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде дәнді дақылдарды теміржол арқылы тасымалдауды субсидиялау көлемін 2024 жылы 6,3 миллиард рубльден астам сомаға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде World of NAN порталы finmarket.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Астық өндірушілер тарапынан мемлекеттік қолдауға сұраныстың шарықтау шегі егін жинау аяқталғаннан кейін – биылғы жылдың тамыз-қазан айларында күтіліп отыр. Көлік министрлігінің мәліметі бойынша, 2019 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде бөлінген субсидиялардың жалпы нақты көлемі шамамен 15,3 миллиард рубльді құрады, оның ішінде 2023 жылы тасымалдаушыларға шамамен 6,1 миллиард рубль берілді. Осылайша, 2024 жылы субсидиялау көлемінің өсуі 3,3% болады.
Жеңілдетілген тариф бойынша тасымалдау кезінде кірісінен айырылған тасымалдаушы компанияларға «Росжелдор» арқылы федералды бюджетте көзделген қаражат шегінде өтемақы төленеді.
Осылайша мемлекет тасымалдаушыға ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға жеңілдетілген тариф белгілеу салдарынан болған шығынды өтейді.
Осыған дейін Ресей экспортқа бағытталған сүт өнімдерінің тасымал шығынын 100% субсидиялай бастаған еді. Мемлекет тарапынан қолдаудың жоғары болуы көршілес елдің өнімдерін сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті етіп отыр. Бұл қазақстандық өндірушілерге қиындық тудырып жүр.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение