Мәзір

Ресей АҚШ-тан келетін тауық етін Қазақстанға тасымалдауды шектеді

26.07.2024
Ресей АҚШ-тан келетін тауық етін Қазақстанға тасымалдауды шектеді

24 шілдеден бастап Ресей құс тұмауының таралуына байланысты АҚШ-тан келетін құс өнімдерін ел аумағына кіргізуге және ел аумағы арқылы тасымалдауға шектеу енгізді. Бұл жөнінде World of NAN Агроэксперт басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ресейлік медианың жазуынша, енгізілген шектеулер солтүстік көршіміздің нарығына еш әсер етпейді. Өйткені Ресейге 2014 жылдан бастап мұндай өнімдер жеткізілмейді. Дегенмен АҚШ-та өндірілген құс еті ел аумағы арқылы Қазақстанға тасымалданып келді: Ресей порттарына жеткізілген мұздатылған құс еті артынша пойыз немесе жүк көлігіне тиеліп, Қазақстанға жөнелтілетін.

Тыйым салынған өнімдер тізіміне тірі құс пен инкубациялық жұмыртқа, құс еті мен құс етінен жасалған өнімдер, құсқа арналған жем мен жемшөп қоспалары енген.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей тарапы мұндай шектеуді былтырдан бері енгізуді жоспарлап келді. Қазақстандық құс етін өндірушілер де америкалық өнімдердің сапасына күмән келтіріп, олардың импортына тыйым салуды бірнеше рет сұраған. Өйткені америкалық құс етінің бағасы төмен, олармен бәсекелесу жергілікті өндірушілерге тым қиын.

АҚШ-тан келетін тауық етіне жылына 140  мың тонна тарифтік квота бөлініп келді. Енді отандық өндірушілер бұл көлемді жылдам өндіріп, ішкі нарықтағы сұранысты жабуы керек.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии