Қазақстан Астық одағының төрағасы Нұрлан Оспанов ресейлік астықтың Қазақстан арқылы транзиті жөнінде пікір білдірді. Оның айтуынша, заңсыз транзит еліміздің экспортына нұқсан келтіруі мүмкін. Ол мұндай пікірді Азық-түлік корпорациясының жұмысын талқылаған Мәжілістегі отырыста айтты, деп хабарлайды World of NAN.
«1,5 млн тонна (Ресейден жеткізілген астық) ресми түрде кіргізілді. Бірақ астық бейресми түрде жеткізіліп, одан әрі Орталық Азияға қайта экспортталатынын бәрі біледі. Бұл астық біздегі өңдеушілерге бағыттала кіргізіледі, алайда өңдеушілердің кейбірі өз міндетін адал орындамауы мүмкін. Сондықтан реэкспорт проблемасы бар, біздің нарықтарға транзит әлі де көбейіп келеді», - деді одақ төрағасы.
Осының салдарынан Қазақстанның экспортына зиян тиіп, Орталық Азиядағы астық экпорттайтын нарықтарынан айырылып қалуы мүмкін. Ол Ресейден келетін астық транзитін реттеу керек деп есептейді.
«Ресей астығы Қазақстан арқылы біз астықты сатпақ болған нарықтарға өтіп жатыр. Сондықтан біз Үкіметтің назарын транзитті қандай да бір жолмен реттеу қажет екеніне аударамыз. Өйткені бұл елдерге астық пен ұн тасымалы неғұрлым көп болса, соғұрлым осы мемлекеттерге Қазақстан өнімін өткізу қиындай түседі», - дейді Нұрлан Оспанов.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение