Мәзір

Ресей жұмыртқа мен тауық етіне импорттық баж салығын алып тастауды зерделейді

07.12.2023
Ресей жұмыртқа мен тауық етіне импорттық баж салығын алып тастауды зерделейді

Ресей Ауыл шаруашылығы министрлігі тауық жұмыртқасы мен тауық етінің жекелеген түрлеріне импорттық баж салығын нөлге дейін төмендету туралы шешімді қарастырып жатыр. Бұл туралы World of NAN порталы Интерфакс агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ресей Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің агенттікке ұынған ақпаратында «Ішкі нарықты толтыру және тұтынушылар үшін құс өнімдерінің қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында отандық тауық еті мен тауық жұмыртқасының жекелеген түрлеріне импорттық баж салығын нөлге дейін төмендету туралы шешімдер қабылдануда», - деп айтылған.

Ресейде осы жылдың 10 айында құс етін өндіру 5,37 миллион тоннаға, жұмыртқа 31,74 миллиард данаға дейін өскен. Үкіметтің болжауынша, оң динамика одан әрі жалғаса бермек.

«Сонымен бірге, 2023 жылы сұраныстың айтарлықтай артуы жағдайында құс өнімдерінің бағасы өсті. Жағдайды тұрақтандыру үшін өндірушілерді қолдауға және ішкі нарықтағы ұсынысты арттыруға бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылуда», - дейді ведомство.

Росстат мәліметінше, Ресейдегі тауық етінің бағасы кейінгі уақытта тұрақталып, тіпті сәл төмендеген. Мәселен, 28 қараша мен 4 желтоқсан аралығында тауық етінің тұтыну бағасы 0,1%-ға төмендепті. Жұмыртқа бағасының өсуі бір апта бұрынғы 4,4%-ға қарсы 4,2%-ға дейін баяулаған.

Үкімет бағаның тұрақтанғанын айтса да, Ресейдегі экономикалық жағдайға байланысты кейінгі кездері халық қызыл еттің орнына тауық етіне таңдау жасай бастаған еді. Бір-екі ай бұрын көршілес елдегі тауық етінің бағасы тарихи рекорд орнатып, ең жоғары көрсеткішке жетті. РФ Ауыл шаруашылық вице-министрі Виктория Абрамченко тауық еті мен жұмыртқаның өндірісін ұлғайту туралы тапсырма берді. Сонымен қатар мемлекеттің қолдау шаралары ұлғайтылатынын айтты.

Санкцияларға байланысты Ресейде тозығы жеткен немесе бұзылған ауыл шаруашылық техникасын қалпына келтіру процесі баяулап қалды. Алдағы уақытта тауық еті тағы қымбаттап, Ресей баж салығын алып тастаса, бұл Қазақстанда да құс өнімдерінің қымбаттауына апаруы мүмкін.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии