РФ ауыл шаруашылығы министрлігінің өсімдік шаруашылығы, механикаландыру, химияландыру және өсімдіктерді қорғау департаментінің директоры Роман Некрасов елде мамандандырылған ауыл шаруашылық техникасы тапшы екенін айтты. Атап айтқанда, картоп жинайтын комбайндар жетіспейді және қант қызылшасын өсіруге арналған техника мүлдем дерлік жоқ. Бұл туралы World of NAN порталы ресейлік ТАСС агенттігіне сүйене отырып хабарлайды.
Роман Некрасов Новосибирск облысындағы «егіс күні» форумының пленарлық отырысында техника тапшылығы жайлы айтты.
«Бізде ең қиын жағдай астық жинайтын комбайндарға қатысты туындап жатыр. Біз өзіміздің машина жасаумен айналысатын зауыттарымызға алдына өз техникамызды жасап шығару міндетін қойдық. Бұл ретте бізде проблема бар, оны мойындаймыз. <. ..> Бізде жоғары мамандандырылған техника, өздігінен жүретін картоп жинайтын комбайндар, қант қызылшасын өсіретін техникалар іс жүзінде жоқ», - деді Некрасов.
Сондай-ақ ол ауылшаруашылық алқаптарына арналған бүріккіштермен де проблема бар екенін атап өтті, өйткені Некрасовтың айтуынша, олардың саны аз және сапасы жеткілікті деңгейде емес.
«Зығыр өсіру үшін арнайы техника қажет. Осының бәріне назар аудару керек», - деп қосты ол.
Шілде айында «Росагролизинг» бас директоры Павел Косов компания сатып алған барлық жабдықтың 90%-дан астамы Ресей мен Беларусь өндірушілерінен келетінін хабарлады. Соғыс басталып, санкция салынбай тұрғанға дейін импорттың көлемі 50%-ға дейін жеткен еді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение