Ресейлік Ведомости газетінің жазуынша, солтүстік көршімізде тауық етінің тапшылығы басталды. Бұған екі нәрсе – Украинамен көршілес Белгород облысындағы өндірушілермен байланыстың қиындауы және Сауд Арабиясы, Қытай және Қазақстанға экспорттың артуы себеп болып отыр. Бұл жайлы inbusiness.kz порталына сілтеме жасай отырып, World of NAN хабарлайды.
Ресейде бройлер етінің бағасы бір жыл ішінде 30 пайызға қымбаттады. Жергілікті өндірушілер ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандыра алмай жатыр. Соған қарамастан ресейлік компаниялардың құс етін шетелге экспорттауы артып барады. Осыған байланысты ресейлік ет өндірушілер қауымдастығы экспортқа шектеу қоюды ұсынып жатыр: осылайша ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыруға болады.
Expert.ru сайтының жазуынша, тауық етінің қымбаттауының тағы бір себебі – құсты сою, етін кесу, сүйектерін тазалауға және өңдеуге арналған құрылғы шығаратын голландиялық Meyn компаниясының елден кетуі болуы мүмкін. Ресейдегі бройлер етінің тоқсан пайызын өндіретін 70% кәсіпорын осы компанияның құрылғыларына тәуелді.
Бұрын Қазақстанға Ресейден құс еті айтарлықтай мөлшерде әкелінетін, ол рубль бағамы мен жергілікті баға саясатына байланысты болды. Ресейде құс етін өндірудің құлдырауы жалғаса берсе және жергілікті халықтың кірісі төмендегендіктен құс етінің тапшылығы арта түссе, Қазақстанның солтүстік облыстарының өндірушілері енді Ресей нарығына ағылуы мүмкін. Өз ішкі нарығымызды қамтамасыз ете алмай отырғанымызды ескерер болсақ, бұл өз елімізде құс еті тапшылығын ұлғайтып, Қазақстандағы бағаның өсуіне апарып соғуы мүмкін.
Қазақстан құс өсірушілер одағының айтуынша, Ресей импорты биыл арта түскен. 2022 жылы Қазақстанға 11 900 тонна құс етін экспорттаған болса, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында-ақ 11 793 тоннан ет әкелген. Бірақ Қазақстанның да құс еті экспорты артып келеді. Былтыр жыл бойы 12 мың тонна құс еті экспортталса, биыл алғашқы үш айда 6500 тонна экспортталған.
Құс өсірушілер одағы ресейлік құс етінің арзан екенін айтады, оған жемнің арзандыға және мемлекеттің жақсы қолдауы себеп дейді. Олар inbusiness.kz сайтының сауалына берген жауап хатта дәнді дақылдар бағасының қымбаттауы, ескірген құрылғылар мен техника, өндірістің әртараптануының төмендігінің салдарынан отандық құс еті қымбат. Оған қоса тұқымдық материал, ветеринариялық препараттар, витаминдер, құрал-жабдықтар мен ыдыстардың импортына тәуелді.
"Қазір ішкі нарықта Ресей, Беларусь, Өзбекстан елдерінен құс етінің импорты артып келеді. Өндірушілер Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және басқа облыстардағы базарларға құс өнімдері арзан бағада әкелінгеніне шағымданып отыр. Сырттан келген өнімдер расталған ветеринариялық құжаттарсыз, таңбалаусыз, салық төлемстен ішкі нарықта сатылады. Өндірушілер өз өнімін сата алмай, қоймалар толып кетіп жатыр, бұл сатылымның төмендеуіне әрі отандық өнімнің қаржылық жағдайына айтарлықтай әсер етеді”, - дейді Құс өсірушілер одағы.
Олар жергілікті өндірістің қысқаруына жол бермес үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ішкі нарықты импорттық құс етінен – сапасы мен қауіпсіздігі күмәнді өнімдерден, сондай-ақ баға демпингінен қорғауға шақырады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение