Мәзір

Ресейден келетін астыққа шектеуді ұзарту ұсынылып жатыр

08.08.2023
Ресейден келетін астыққа шектеуді ұзарту ұсынылып жатыр

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап бидай мен күнбағыс тұқымын импорттауға тарифтік емес квоталарды енгізуді ұсынып отыр. Бұл туралы World of NAN порталы LS сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Amanat» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша, Ресейден жеткізілетін тауарлардың саны қарқынды өсіп келеді.

«Ресей Федерациясынан импорттың ұлғаюы ресейлік тауарларды өткізудің сыртқы нарықтарының тарылуымен, ал екіншісі - рубльдің теңгеге қатысты паритетінің төмендеуімен байланысты болуы мүмкін. Ал Қазақстанда азық-түлік өнімдерінің өндірісіне қажет құрамдас бөліктердің құны өсуде. Бұлар – электр энергиясы, жанар-жағармай, тұқым, ауылшаруашылық техникасы, өсімдіктерді қорғау құралдарының құны және т.б.. Отандық өндірушілер арзан импорттан қорғаныстың болмағанына шағымданып жатыр. Түптеп келгенде, мұның бәрі бәскелестікке кері әсерін тигізіп отыр», - деді ол.

Өз кезегінде Қазақстан астық одағының төрағасы Нұрлан Оспанов Қазақстаннан басқа барлық мемлекетте отандық астық өндірушілерді қолдау шаралары бар екенін айтты.

«Басқа елдердің үкіметтері ішкі бағаны отандық астық өндірушілерге қолайлы деңгейде ұстап тұру үшін импортты шектеу шараларын қабылдайды. Бірақ біз ондай шара қолданбаймыз. Ресейлік астық Қазақстанға төмен бағамен әкелінеді. Сондай-ақ заңсыз жеткізіліп жатқан тауарлар бар. Оны ешкім бақылап отырған жоқ. Сапасы арнайы сараптамадан өтпеген астық түптеп келгенде тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан отандық астық өндірушілерді қорғау шараларын қолдану қажет», - деді ол.

Осыған байланысты Оспанов 10 қазанда аяқталатын жұмсақ бидайдың автомобиль көлігімен импортына шектеуді ұзартуды, ал 1 қыркүйектен бастап астық пен күнбағыс дәндерін автомобиль көлігімен экспорттауға тыйым салуды ұсынды.

«Ресей астығы вагондарға қайта тиеліп, оңтүстік облыстар арқылы басқа елдерге қайта сатылып жатыр. Сондай-ақ 1 қыркүйектен бастап бидай мен күнбағыс тұқымын импорттауға тарифтік емес квоталар енгізу қажет. Квота көлемі әрбір алушы үшін астықты қайта өңдеу немесе құс жұмыртқасын (етін) өндіруге арналған паспорттық сыйымдылығының 30 %-ынан аспайтын мөлшерде айқындалуы тиіс. Ал ауыл шаруашылығы шикізатының қалған көлемін мұндай кәсіпорындар ішкі нарықтан сатып алуға міндетті», - деді одақ басшысы.

Алайда Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Шаймерден Ахметов тыйым салуды енгізу үшін белгілі бір негіздердің болуы қажет екенін атап өтті.

«Біздің елге бидай жүктерін тасымалдауға шектеулер қойылды. Сондай-ақ сүт пен қант өнімдерін әкелуге тыйым салу талап етіледі. Дегенмен, біз астық импортына шектеулер енгізген кезде, оның нақты себептері болғанын түсінуіміз керек. Ол кезде заң бұзушылық фактілері, экспорттық және кедендік баж салығын төлеуден жалтару фактілері орын алды. Сүт немесе басқа өнімдерді әкелуге нақты негіздеме болса, тиісті шаралар қолданылады», - деп түсіндірді ол.

Бұл ретте «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жәркенов ЕАЭО туралы шартқа сәйкес қандай да бір шектеу шараларын қолдануға тыйым салынғанын еске салды.

«Егер демпинг фактілері анықталса, яғни тауарлар мен қызметтерді жасанды түрде төмен бағамен сату фактілері анықталса, оның алдын алуға болады. Бұл салада тәжірибеміз бар. Сондықтан біз бұл мәселені көтеріп, Сауда министрлігімен бірге ортақ шешімдерді қарастыруға дайынбыз», - деді ол.

Бұған дейін Қазақстанда сатылмай жатқан бидай көлемі өсіп жатқаны хабарланған болатын. Сондай-ақ Қазақстан шетелге арпа мен қарақұмықты көбірек сата бастаған және бидай импортын азайтқан.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии