Ресейдің Омбы облысындағы астық өндірушілер Қазақстанға су көлігімен 8 мың тоннадан астам азық-түлік бидайын жөнелткен. Бұрынырақта Қазақстанға автокөлікпен астық әкелуге тыйым салынған болатын. Бұл туралы World of NAN порталы АПК-Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Россельхознадзор аймақтық басқармасы таратқан мәлімет бойынша, омбылық кәсіпкерлер Қазақстан Республикасына Ертіс өзені арқылы су көлігімен 3 мың тонна азық-түлік бидайды жіберген. Бұл – «Черлак» өзен өткізу бекетінде тексерілген фитосанитарлық қауіпі жоғары карантиндік өнімдердің кезекті төрт экспорттық партиясы.
Жөнелтілетін жүктердің карантиндік-фитосанитарлық жағдайы Қазақстан талаптарына сай болып шықты, артынша бидай елге кіргізілген.
Россельхознадзор облыстық департаменті мамандарының айтуынша, жыл басынан бері Қазақстан Республикасына су көлігімен жалпы салмағы 8,25 мың тонна азық-түлік бидайы жөнелтіліп, 16 ірі жөнелтім тексерілген.
Айта кетейік, 2023 жылдың 10 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен елге бидай әкелуге алты айға тыйым салған болатын. Дегенмен теміржол және су көлігімен тасымалдауға бұл тыйымның қатысы жоқ.
Тыйым жарты жылға салынған еді, қазан айында оның мерзімі аяқталады. Астық саласының мамандары Қазақстан 11 қазаннан бастап автомобиль көлігімен астық әкелуге тыйымды алып тастайды деп болжап отыр.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение