Мәзір

Ресейлік бидай нарығы ең төменгі шегіне жетті – сарапшылар

22.11.2023
Ресейлік бидай нарығы ең төменгі шегіне жетті – сарапшылар

СовЭкон орталығының есебіне сәйкес, өткен аптада ресейлік бидай нарығы тұрақтанды. Бұл туралы World of NAN порталы орталықтың таратқан ақпаратына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Үш айлық құлдыраудан кейін ресейлік бидай нарығы сұраныстың өсуі мен ұсыныстың азаюы аясында құлдыраудан шығып жатыр», - деп атап өтті сарапшылар.

Анықталғандай, өткен аптада 3-сыныпты бидайдың бағасы 50 рубльге өсіп, тоннасына 12 500 рубль (65 мың теңге) рубль, ал 4-сыныпты бидайдың бағасы 50 рубльге арзандап, 11 025 рубль (57 400 теңге) болды. Бұған дейін бидай бағасы тамыз айының ортасынан бастап төмендеп, осы кезеңде сәйкесінше 12% және 22% жоғалтты.

Сондай-ақ, экспорттық сатылымның қалпына келуі аясында ресейлік бидайға экспорттаушылар тарапынан сұраныс артып отырғаны байқалады. 21 қарашадағы жағдай бойынша, бидайды сатуға жасалған келісім-шарттардың көлемі бір ай бұрынғы 2,0 млн тоннамен салыстырғанда 2,8 млн тоннаны құрады.

Ресейдің орталық аймақтары мен Еділ бойында ресейлік бидайдың ішкі саудасы күшейді. Сатып алушылардың едәуір бөлігін ұн тартушылар құрайды. Орақ маусымы бітуге жақындаған сайын бидай көлемі азайып барады. Диқандар қаржыға деген мұқтаждықтарын жартылай өтеп, негізінен кеш пісетін егінді орып, күздік егін егумен әлек.

«Сұраныс артып, ұсыныстың азаюымен нарық ақыры ең төменгі шегіне жетті. Алайда бұл тұрақтандырудан кейін баға белгілеулері күрт өседі деген сөз емес», - дейді сарапшылар.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии