Өткен жылы Ресей Фелерациясы сүт өнімдерінің экспортын 15,3%-ға ұлғайтты. Экспортталған сүт өнімдерінің 55,8%-ын Қазақстан сатып алды. Бұл туралы World of NAN порталы vetandlife.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
2023 жылы ресейлік экспорттаушылар сыртқы нарыққа 165,8 мың тонна сүт өнімдерін жеткізген, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 15,3 пайызға көп. Мұндай деректерді Ресей сүт одағы жариялаған.
Сүт сарысуы (+ 89,8%), сүт, қоюлатылған сүт және құрғақ кілегей (+ 63,2%), йогурт, айран (+ 2,5%), ірімшік (+ 2,1) сияқты тауарлар бойынша экспорт көлемінің өскені байқалады. Дегенмен балмұздақ экспорты 16,2%-ға және сары май экспорты 46,2%-ға төмендеген екен.
Ресейлік сүт өнімдерінің негізгі сатып алушылары – Қазақстан (55,8%), Беларусь (11,4%), Өзбекстан (5,7%) мен Қытай (5%) болған.
Ресей сүт одағының басқарма төрайымы және директоры Людмила Маницкая елде сауын сиыр санының азайып жатқанына алаңдаулы. Бір жыл ішінде сайын сиырд 150 мың басқа азайған. 2022 жылы сауын сиырлар саны 7,7 млн басты құраса, 2023 жылдың соңында олардың саны 7,55 млн басқа дейін азайыпты.
Маницкаяның айтуынша, Ресейдегі ірі қараның жалпы саны да азайған. 2022 жылы ірі қара мал саны 17,5 млн басты, 2023 жылы 17,1 млн басты құраған.
«Бұған көптеген себептер бар: бизнес қиын, шығындардың өтелу мерзімі ұзақ, нарықты реттеу күшті, инвестициялық тартымдылық төмен, рентабельділік те төмен», - деп түсіндірді Людмила Маницкая.
Былтыр Қазақстандағы сүт өндірісі де артып, 2,9%-ға ұлғайған болатын. Осыған қарамастан еліміз әлі де басқа мемлекеттердің сүт өнімдеріне тәуелді. Мемлекет 65 сүт-тауарлы ферманың құрылысына 100 млрд теңге бөлді. Былтыр отандық сүт өндірушілер Ресейден келетін сүт импортына шектеу қоюды сұрап бірнеше рет өтініш жасаған. Олар ресейлік арзан сүт отандық өндірушілерді табыстан айырғанын айтқан еді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение