Мәзір

Ресей астық экспортының қарқынын жылдам арттырып келеді

29.02.2024
Ресей астық экспортының қарқынын жылдам арттырып келеді

15-25 ақпан аралығында экспорттық квоталар енгізілгеннен кейін де астық жеткізу көлемі 23,5 пайызға өсіп, 1,87 миллион тоннаны құрады. Бұл туралы World of NAN Ресейлік астық одағына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бидай астығының экспорты 1,478 млн тонна немесе 17,3 пайызға артық болса, арпа 2,2 есеге өсіп, 192 мың тоннаға, жүгері 20,7 пайызға өсіп, 200 мың тоннаға жетті.

Бір қызығы, Ресей астығын ең белсенді сатып алушылар Египет пен Түркия болды – 210 000 және 69 000 тонна. Кения мен Оманға да жеткізу басталған – 60 және 66 мың тонна. Айта кетерлігі, бір жыл бұрын ол елдерге астық экспортталмайтын. Жүгерінің негізгі бөлігі Иранға жеткізіледі – 102 мың тонна немесе бір жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есе дерлік көп. Ал Вьетнам мен Ливия 60 000 және 27 500 тоннасын сатып алады. Арпаның ең үлкен импортшысы 98 мың тоннамен БАӘ болды, одан кейін Сауд Арабиясы - 54, Ливия - 21 және Иран 18 мың тонна арпа импорттаған.

Естеріңізге сала кетейік, көршілес мемлекет экспорттық квотаны төрт миллион тоннаға ұлғайтуды жоспарлаған, бірақ әзірге түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Қосымша астық көлемінің қайда кететіні белгісіз, бірақ бәсекелестік күшейіп, баға төмендейтіні анық.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии