Мәзір

Ресей ұн экспортын екі есе қысқартуы мүмкін

22.07.2024
Ресей ұн экспортын екі есе қысқартуы мүмкін

Ауыл шаруашылығы нарығын зерттеу институтының бас директоры Дмитрий Рыльконың болжауынша, 2024/25 астық жылында ұн экспорты 550 мың тоннаға жетуі мүмкін, деп хабарлайды World of NAN.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда көрші ел 1,1 миллион тонна ұн экспорттап, рекорд орнатқан еді.

Дегенмен, биыл ИКАР астыққа экспорттық баж салығын төмендетуге байланысты ұн экспортының қысқаруын болжайды. Осылайша, 24 шілде мен 30 шілде аралығында Ресейден бидай экспортына салынатын баж салығы 1 540,4 рубльді (апта бойынша -13,5%) құрайды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии