Мәзір

Ресей астық экспортының квотасын көтерді

22.04.2024
Ресей астық экспортының квотасын көтерді

Көршілес елдің үкіметі Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан тыс жерлерге астық экспорттауға қосымша тарифтік квотаны белгіледі, деп хабарлайды World of NAN.

2023 жылы рекордтық астық жинау және ішкі нарықтағы өнімдердің қолжетімділігін ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау туралы шешім қабылданды.

Бидай, меслин, арпа, қара бидай және жүгері экспортына қосымша квота бес миллион тоннаны құрайды. Ол 2024 жылдың 30 маусымына дейін (30 маусымды қоса алғанда) жарамды болады. Ауыл шаруашылығы министрлігі квота көлемін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөледі.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии