Ресей Ауыл шаруашылығы министрлігі 31 тамызға дейін қамыс немесе қызылша қантын және химиялық сахарозаны экспорттауға шектеу қоюды ұсынды, деп хабарлайды World of NAN.
Тиісті жоба 11 наурызда нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланған.
«Осы қаулы күшіне енген күннен бастап 2024 жылғы 31 тамызды қоса алғанда, Ресей Федерациясынан қамыс немесе қызылша қантын және қатты күйдегі химиялық таза сахарозаны әкетуге уақытша тыйым салу белгіленсін», - делінген құжат мәтінінде.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан өз қантының 50 пайыздан астамын Ресей Федерациясынан импорттайды. ЕАЭО елдеріне де экспортқа тыйым салынар болса, Қазақстан нарығында қант тапшылығы және оның бағасының өсуі байқалуы мүмкін.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение