Мәзір

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов қызметінен босатылды

28.07.2023
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов қызметінен босатылды

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов өз еркімен қызметінен босатылды. Бұл туралы World of NAN порталы премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Баспасөз қызметінің хабарламасында «ҚР Үкіметінің қаулысымен Рүстем Жомартұлы Құрманов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды», – деп жазылған.

Құрманов Рүстем Жомартұлы 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Новоишимск ауылында дүниеге келген. Ш.Уәлиханов атындағы  Көкшетау мемлекеттік университетін «Агроөнеркәсіптік кешен секторындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Ол еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасының экономикалық талдау бөлімінде жетекші маман ретінде бастаған.

2012-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің инвестициялық саясат департаментінің директоры қызметін атқарды.

2013-2015 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы.

2015-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешені комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді.

2017 жылғы шілдеден 2018 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.

2018 жылғы маусымнан 2019 жылғы ақпанға дейін – «Қазагро» холдингінің басқарма төрағасы.

2019 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі болды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии