Мәзір

Қант қымбаттай береді

01.07.2024
Қант қымбаттай береді

2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында елімізде қант өндірісі небәрі 39,6 мың тоннаны құрады, мұндай көрсеткіш кейінгі төрт жылдағы осы кезеңдегі ең төменгі көрсеткіш. Бұл жөнінде World of NAN порталы Energyprom.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында отандық қант зауыттары 7,8 мың тонна қант өндірді, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 12,1 есеге аз. Қант импорты 15,3%-ға өсті, бұл оның ресурстардың жалпы көлеміндегі үлесін 55,6%-дан 94,6%-ға дейін бірден ұлғайтты.

Ал қант экспорты мен реэкспорты бір жылда 700 келіден биылғы жылдың төрт айында 50,4 мың тоннаға дейін өсті. Бірақ ішкі нарықтағы сатылым бір жылда 2,3 есеге азайып, небәрі 93 мың тоннаны құрады.

Биылғы жылдың мамыр айында қант бағасы небәрі 0,1%-ға өскенімен, жалпы алғанда бұл көрсеткіш үш ай қатарынан өсіп келеді: мысалы, наурызда қант 3%-ға, сәуірде 3,7%-ға қымбаттады. Салыстыру үшін: өткен жылдың мамыр айында қант, керісінше, 0,3%-ға арзандаған еді.

Дегенмен өткен айлардағы баға динамикасын, ең бастысы, өндіріс көрсеткіштерін ескерсек, бағаны ұстап тұру мүмкін емес сияқты.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии