Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында шикі сүттің тапшылығы проблемасы көтерілді. Қазір өңірде қайта өңдеу кәсіпорындарында шикі сүттің жеткіліксіздігі жоғары болып отыр. Өндірістің барлық көрсеткішінің өсуіне қарамастан, таза сүттің үлкен тапшылығы бар. Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл жағдай өндірістерді құрғақ сүт және Ресейден шикізат алдыртуға тәуелді етеді, деп «Атамекен» палатасына сілтеме жасай отырып World of NAN хабарлайды.
«Қазақстан фермерлері одағы» РҚБ төрағасы Игорь Жабяктың айтуынша, өңірде жағдай реттелмесе, онда сүт өндірушілер өндіріс көлемін төмендетуге мәжбүр болады. Тіпті кейбір компания жұмысты тоқтатып, жабылып қалуы да ықтимал.
Ал «NBK-A» ЖШС директоры Сәуле Жанкина қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмысы туралы айтты. Қазіргі кезде компания шикізаттың саны мен сапасына қатысты қиындықтарға тап болды. Сапа мен баға қатынысы сәйкес келмейді.
«Жағдайды үш проблемаға бөлер едім. Атап айтқанда сүт көлемі, оның сапасы мен шикі сүттің бағасы. Саны туралы айтатын болсақ, кейінгі бес жылда шаруа қожалықтардан келетін сүт көлемі төмендеп келеді. Өңірде ауыл шауашылығы өндірушілердің саны артқанмен сүт көлемі күрт төмендеген. Бүгінгі таңда зауытымыздағы жүктеме 70 пайыздан аспайды. Дегенмен біз сүтті көбірек қабылдай аламыз. Қазір мүмкін болатын 80 тонна орнына 42-45 тонна қабылдайды», – деді «NBK-A» ЖШС директоры Сәуле Жанкина.
Кәсіпкерлердің айтуынша, шикі сүттің жеткіліксіздігін техникалық регламент бойынша пайдалануға рұқсат етілген құрғақ сүтпен алмастыруға тура келеді. Сонымен қатар, табиғи шикізаттың жетіспеушілігі тіпті жазда да құрғақ сүтпен алмастырылады. Ал құрғақ сүт шетелден әкелінеді, отандық кәсіпкерлер көрші ел белгілеген бағаларға тәуелді болады.
«Қазір жағдай тұрақты, өйткені Ресейде сүт көп, сондықтан баға төмендеп кетті. Алайда бұл қысқа мерзімде ғана болатын көрсеткіш. Өйткені ұзақ мерізміді перспективада қарасақ, біз отандық өндіріске дамуға мүмкіндік бермейміз. Сүт көлемі өсіп жатқан жоқ. Ертең Ресей Үндістан, Алжир, Африка елдері секілді тиімді келісімшарттарды табатын болса, жағдай күрт өзгеруі мүмкін. Біз құрғақ сүтке тәуелді болдық, тәуелді болып қаламыз. Бұған қоса Ресей шикі сүтті молынан ұсынып отыр. Олар шикізатты солтүстік өңірлерге жеткізіп жатыр. Ал біздің фермерлер сүт бағасы бойынша көрші елмен бәсекелесуге дайын емес. Нарық жағдайында біздің фермерлер бәсекеге қабілетті емес», – деді Сәуле Жанкина.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение