Еліміздің дәстүрлі экспорттық нарықтарына қауіпті қазақстандық ұн ағылып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі аталған фактілерді анықтап, жалған сертификат беретін зертханаларға бақылауды күшейту шараларын қолға ала бастады. Министрлік Қазақстанға ұнның дәстүрлі нарықтарын жоғалтып алу қаупі төніп тұр деп санайды. Бүгінде мәселе Үкімет деңгейіне көтеріліп отыр. Бұл туралы World of NAN порталы АПК-Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Ауыл шаруашылығы министрлігіне сапасыз ұнды экспортқа шығаруға қатысты ҚР Үкіметі аппаратынан бұйрық келіп түсті. Белгілі болғандай, соңғы жылдары дәстүрлі импорттаушы елдерде (Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстан, т.б.) қазақстандық ұнды өткізу нарығы әртүрлі себеппен қысқарып келеді. Дегенмен қазақстандық ұнның нан пісіру сапасы жақсы дейтін жағымды репутациясының арқасында экспорт көлемі айтарлықтай сақталып тұр. Сонымен қатар, кейінгі кездері БАҚ беттерінде сұрыпқа жатпайтын немесе көктеп шыққан дәннен жасалған, пісіру сапасы нашар қазақстандық ұнға қатысты Ауғанстан тарапының шағымдары туралы ақпарат жарияланды. Бұл өнімдер құрамындағы улы заттардың мөлшері туралы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі мүмкін. Бұл қазақстандық ұнның беделіне кері әсер етіп, өткізу нарығының одан әрі тарылуына ықпал етуі мүмкін», - деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Техникалық реттеу комитеті сапасыз ұнды экспорттау фактілерін анықтап, экспорттық өнімге жалған сәйкестік сертификатын беретін аккредиттелген зертханалардың қызметіне бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдауда. Десе де, басқарманың пайымдауынша, астық өңдеу кәсіпорындары мәселенің тереңдігін толық түсінуі керек.
«Бұл мәселені шешу, ең алдымен, өніп кеткен дәннен ұн өндіруге және оны экспортқа жөнелтуге жол берілмейтінін түсінуге тиіс ұн тартушылардың өз әрекетіне байланысты. Әйтпесе, біз сыртқы нарықтан толық айырылып қалу қаупіміз бар, бұл өз кезегінде отандық ұн тарту өнеркәсібінің күйреуіне әкеледі», - деп есептейді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Осыған дейін хабарланғандай, қазан айында Қазақстанның астықты аймақтарында көктеп шыққан бидайдан жаппай ұн өндіріліп, Ауғанстан мен Тәжікстанға жөнелтілді. Импорттаушылар оның сапасына наразы болды. Астық өңдеушілер одағы фитосанитариялық органдардың тез арада бақылауды күшейтуі керектігін хабарлаған еді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение