«Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС-нің директоры Фарид Әбітаевтың айтуынша, қазақстандық өндірушілері майлы дақылдар өндірісін ұлғайта бермек, өйткені дәнді дақылдармен салыстырғанда маржа жоғары әрі олар құрғақшылыққа төзімді. Бұл жөнінде World of NAN порталы АПК-Информ агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Сарапшылардың болжамына сәйкес, Қазақстан Республикасында 2028 жылға қарай күнбағыстың егіс көлемі 2 миллион гектарға (биыл 1,17 миллион га болды), соя – шамамен 500 мың гектарға, майлы зығыр – 1 млн-нан 1,5 млн гектарға дейін ұлғаюы мүмкін.
«Біз қазірдің өзінде Қазақстанда ғана емес, көршілес Ресейде де күнбағыс тұқымына сұраныстың артып келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл диқандардың көбірек егін егуге дайындалып жатқанын білдіреді», - дейді Әбітаев.
Болашағы бар тағы бір дақыл – рапс. Оны негізінен сүтті мал шаруашылығымен айналысатын фермерлер де өсіреді (рапс ақуызы – бағалы жем).
Ұлттық майлы дақылдарды өңдеушілер қауымдастығының стратегиялық даму жөніндегі атқарушы директоры Андрей Антонов та сарапшының пікірін растады. Оның айтуынша, нарық майлы дақылдар өндірісінің көлемін арттыруға дайын.
«Алдағы 3-5 жылда бір ғана Қазақстаннан күнбағыс майын экспорттау әлеуеті шамамен 500 мың тоннаны құрайды. Сонымен қатар, ішкі тұтыну көлемі де шамамен 290 мың тоннаға дейін артады. Мұндай өндіріс көлемін қамтамасыз ету үшін өңдеушілерге шамамен 1,7-1,9 миллион тонна күнбағыс қажет», - дейді Антонов.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение