Қызылорда облысы Қазақстандағы негізгі күріш өндіруші өңір болып саналады. Өңірдегі 195 мың гектар суармалы егістік алқаптың жартысына жуығы күріш егуге пайдаланылады. Ауыл шаруашылығы өндірісі бойынша Қазақстанның ең ірі өңірлерінің бірі болып саналатын облыс суармалы судың жетіспеушілігінен және топырақтың тұздануынан зардап шегіп жатыр. Осыған байланысты профессор Мария Ибраева фермерлерді өсімдіктің басқа түрлерін егуге шақырады. Бұл жөнінде World of NAN порталы bossagro.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
2021 жылы FAO/GEF жобасының «Орталық Азия мен Түркияның құрғақшылық пен тұздануға бейім ауылшаруашылық ландшафтарындағы табиғи ресурстарды кешенді басқару» қазақстандық серіктестермен бірлесіп жасаған тұздылық картасына сәйкес, аймақтағы егістік алқаптарының 85 пайызы (20,3 млн. га) белгілі бір дәрежеде сортаң.
Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының топырақ құнарлығы және агрохимиясы бөлімінің меңгерушісі профессор Мария Ибраеваның айтуынша, Қызылорда облысындағы суармалы егістік алқаптарының бүкілінде іс жүзінде топырақта қарашіріктің жоғалуы байқалады, бұл егістік өнімділігінің төмендеуіне әкеледі. Ол ғалымдардың сөзін дәйекке келтіріп, Оңтүстік Қазақстан жағдайына бейімделген көптеген өсімдік эрозияға ұшыраған топырақты қалпына келтіруге қабілетті екенін атап өтті. Мұндай өсімдік түрлеріне топырақты азотпен байытып, қарашіріктің түзілуіне ықпал ететін құм мақсарысы (сафлор песчаный), шығыстың ешкі шөбі (козлятник восточный), жоңышқа мен беде жатады. Сонымен қатар, көпжылдық бұршақ тұқымдастардың топырақты шайылудан және ауа райының әсерінен қорғайтын қуатты және кең тарамдалған тамыр жүйесі бар.
2018 жылдан бастап «Орталық Азия мен Түркияның құрғақшылық пен тұздануға бейім ауылшаруашылық ландшафтарындағы табиғи ресурстарды кешенді басқару» жобасы Қызылорда облысында жұмыс істеп, топырақ құнарлығын қалпына келтіретін тиімді ауылшаруашылық тәжірибелерін енгізуге үлес қосып келеді. Қазақстандық ғылыми-зерттеу институттарымен келісімдер жасасып және әкімдіктермен тығыз серіктесе отырып, өңірдегі егін шаруашылығын кезең-кезеңімен әртараптандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Яғни мол суды қажет ететін күріш шаруашылықтары – тұздану деңгейін төмендетіп, жердің құнарлылығын қалпына келтіруге және шаруашылықтардың экономикасын жақсартуға көмектесетін құрғақшылық пен тұзға төзімді дақылдармен алмастырылатынын білдіреді.
2022 жылы Қызылордада жүргізілген зерттеулердің бірі құнарлығы сарқылған топыраққа тұз бен құрғақшылыққа төзімді қант соргосын өсіру шаруаларға бір жарым есе көп пайда әкелетінін көрсетті.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение