Мәзір

Сары май өндірісі 18,6% артты, бірақ нарықтағы сұранысты жаба алмады

27.02.2024
Сары май өндірісі 18,6% артты, бірақ нарықтағы сұранысты жаба алмады

Қазақстанда өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында сары май өндірісінің көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6% ұлғайған. Өндіріс көлемі артқанына қарамастан, сары майды шетелден импорттау көрсеткіші де 12,6% артқан. Бұл жөнінде World of NAN Ұлттық Статистика Бюросына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Өткен жылы қазақстандық кәсіпорындар 31,3 мың тонна өнім шығарса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 26,2 мың тоннаны құраған еді.

Бір жылда өнім импорты 12,6% өсті, 2023 жылы Қазақстанға 8,9 мың тоннадан астам тауар импортталды. Импорттық өнімдердің үлесі 22,3 пайызды құрады. 2023 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша, ішкі нарықта 38,4 мың тонна сары май сатылған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии