Мәзір

Сауда министрі неліктен ресейлік тауық етінің импортына шектеу қойылмайтынын түсіндірді

29.08.2023
Сауда министрі неліктен ресейлік тауық етінің импортына шектеу қойылмайтынын түсіндірді

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, импорттық өнімдерді әкелуге тыйым салу «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» заңының 22-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына сәйкес елдің экономикалық және азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төнген кезде ғана мүмкін болады. Қазіргі сәтте Қазақстан тауық еті бойынша ішкі қажеттілікті 60% ғана жауып отыр. Бұл жөнінде World of NAN порталы сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

ҚР премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин өткен аптада қоғамдық қабылдау жүргізген болатын. Министрлің қабылдауына қатысқан Қазақстан құс өсірушілер одағының өкілі Руслан Шарипов бидай әкелуге енгізілген тыйымға ұқсас тауық етін Ресей Федерациясынан әкелуге шектеулер енгізу мүмкіндігі туралы мәселе көтерді. Оның айтуынша, импортталған тауық еті отандық тауыққа қарағанда әлдеқайда арзан. Сондай-ақ импорттық етті қазақстандық өнім түрінде сату жағдайлары болған.

Дегенмен Жұманғарин мұндай шектеу салудың реті жоқ екенін айтады. Құс еті импортқа тәуелділігі жоғары әлеуметтік азық-түлік өнімдер қатарына енгенімен, Қазақстан тұтынушылардың тауық етіне деген қажеттілігін 60%-ға ғана қамтамасыз етеді. Сондықтан ресейлік тауық еті импортына тыйым – бағаның өсуі және ел ішінде тапшылық туғызу қаупін ортаға шығарады.

«Сонымен қатар егер санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарды, контрафактіні және басқа да қолданыстағы нормаларды бұзу фактілері болса, зерттеу жүргізіледі және расталған жағдайда шектеу шараларын қабылдау үшін Техникалық реттеу және метрология комитетінің базасында қолданылатын ахуалдық штабқа жүгіну қажет», - дейді министрлік.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии