Әртүрлі ауыл шаруашылық дақылдарының бағасы қалай өзгеріп жатқанын және олардың қайсысы жыл басында бәс тігуге тұрарлық болғанын World of NAN редакциясының сарапшысы талдады.
Кейінгі жылдағы ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің орташа баға индексіне назар аударсаңыз, ол 4,9% төмендеді, қазіргі уақытта шамамен 10%-ды құрап отырған инфляцияны ескерсек, бұл өте жағымсыз жаңалық. Шартты түрде айтқанда, өнімнің өзіндік құны 10%-ға артып, ал баға 5%-ға төмендеді, бұл бизнестің табыстылығына күрт әсер етеді. Өткен жылы да осындай жағдайды байқауға болар еді. Рас, сол кезде өндірушілердің орташа бағасы 11,1%-ға өсті, бірақ инфляция да 20%-ға жуықтады. Түрлі қолдау шараларын есепке алмасақ, орта есеппен екі жыл ішінде ауылшаруашылық кәсіпорындарының маржасы төмендеген болуы мүмкін.
Өсімдік шаруашылығымен айналысушылар бағаның ең көп төмендеуіне тап болды, өткен жылы орташа өсім 10,5%-ды құрағанымен, биыл орташа баға 7,8%-ға төмендеді. Бағасы ең қатты төмендеген өнімдер - мақта (-21%), қарақұмық (-13%) және бидай (-13%) болды. Қараша айында тазартылған мақтаның орташа бағасы тоннасына 223 мың теңгеге, бидайдың тоннасы 101,6 мың теңгеге жетті. Ал жүзім (+42,5%), тары (+8,4%) және күріш (+8,4%) өндірушілер ең көп ұтысқа қол жеткізді.
Мал шаруашылығы саласында тауар өндірушілер үшін тауардың орташа бағасы, керісінше, 3,6%-ға өсті. Бұл секторда кең ауқымдағы баға өзгерісі байқалмайды. Бағасы ең қатты көтерілген мал шаруашылығы өнімдері: сиыр сүті (+9,1%), жылқы (+7,7%), ірі қара (+4,6%) және қой (+4,5%) еті. Өткен жылы мынадай мал шаруашылығы өнімдерінің бағасы төмендеді: шошқа (-1,5%), қой мен ешкі жүні (-1,1%), жұмыртқа (-0,3%) және құс еті (-0,1%).
Тауарлардың қымбаттауы мен жалпы инфляция арасындағы айырмашылықты ескерсек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бөлшек сауда бағасына нақты ықпалы шамалы екен. Жергілікті өндірістің одан әрі ұлғаюы және импортқа тәуелділіктің төмендеуі ұзақ мерзімді перспективада жалпы бағаның өсуіне оң әсер етуі мүмкін.
Басқа да сараптамалық материалдарды World of NAN Telegram арнасынан табуға болады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение