Бүгін Сенатта Экспорттық-кредиттік агенттік құруға қатысты заң жобасын екінші оқылымда мақұлданды. Қазақстанның Экспорттық-кредиттік Агенттігі шикізаттық емес отандық өнімдерді шетелдік нарыққа ілгерілетіп, өндірушілерге қолдау көрсетумен айналысады, деп хабарлайды World of NAN.
Осы Агенттікті құру үшін азаматтық және бюджеттік кодекстерге, сондай-ақ 8 заңға өзгерістер енгізіледі. Ұйым KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясының орнын баспақ. Сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын, оның ішінде қаржылық мәселелерді біріктіреді. Агенттіктің қызметін бақылау - сауда және интеграция министрлігіне жүктелді. Сонымен қатар, депутаттар агенттік басшысының жыл сайын Парламент алдында есеп беруін міндетті етуді ұсынды.
«ЭКА елеулі қаржы ресурстарын шоғырландыра отырып, мемлекеттік қолдау шараларының кең спектрін іске асыратын ерекше мәртебеге ие екенін атап өткен жөн. Сондықтан, Сауда және интеграция министрлігінің мемлекеттік қолдаудың іске асырылып жатқан шараларын қоса алғанда, ЭКА қызметін бақылау және қадағалау функцияларын күшейтуі орынды деп санаймыз»,- деді сенатор Серік Шайдаров.
Ол мұндай агенттік отандық экспортшыларға көмек көрсетіп, шетелге шығарылған өнімге ақы төленбей қалған жағдайда сақтандырушы қызметін атқаратынын айтады. Сонымен қатар, агенттік субсидиялар мен кепілдіктер сияқты қолдау шараларының жаңа түрлерін жүзеге асырады.
ЭКА-ның жұмысы қабылданған заң жобасында сипатталғандай жүзеге асса, ол отандың өндірушілердің шетелдік нарыққа өңделген ауыл шаруашылық өнімдерін шығаруына жәрдемдесе алады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение