Мәзір

Шағын шаруашылықтардың бірігуі жерді тозудан қорғауға көмектеседі

22.08.2023
Шағын шаруашылықтардың бірігуі жерді тозудан қорғауға көмектеседі

Ұсақ және шағын шаруашылықтар жер көлемінің аздығына байланысты ауыспалы егістік технологиясын сақтай бермейді. Ғалымдардың айтуынша, осының салдарынан еліміздегі топырақ құнарлығы 30 пайызға дейін төмендеген. Бұл жөнінде World of NAN порталы Хабар 24 арнасының сюжетіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Фермер Герман Нам ұсақ шаруаларды өз қарамағына топтастыруды екі мыңыншы жылдары бастаған. Содан бері ол 25 қожалықты серіктестігіне қосты. Соның нәтижесінде бүгінде шағын шаруашылықтар 1700 гектардан аса жерді игеретін үлкен құрылымға айналып отыр.  

«Біз бірігіп, барлық мүмкіндігімізді пайдаланып, қаражатымызды қосып, заманауи техникаға қол жеткіздік. Сол арқылы жұмыс жеңілдеп, өнім көлемі артты. Қазір бидайдың, жүгерінің және қант қызылшасының жаңа сұрыптарын егіп, сынақтан өткізіп жатырмыз», - дейді Герман Нам.  

Ол жетекшілік ететін «СЗЦ Карабулак» серіктестігі – өңірдегі үздік шаруашылықтардың бірі. Осы себепке байланысты байланысты Жетісу облысының Ескелді ауданында өткен фермерлер жиынанда олардың тәжірбиесі елуден аса шағын қожалық иесіне үлгі ретінде көрсетілген. Басқосуда ірілендірудің артықшылығы айтылып, ауыспалы егістік технологиясының тиімділігі түсіндірілді. 

Қазақстан фермерлер қауымдастығы  облыстық филиалының төрағасы Асқар Шәріповтың айтуынша, шағын шаруалардың бірігуі өте маңызды мәселелердің бірі. «Ауыспалы егістік көлемін сақтау арқылы жердің құнарлығын көтеруге болады. Осыны басқа шаруаларға айтып, оларға ықпал етуге тырыстық», - дейді ол.  

Ғалымдардың түсіндіруінше, шағын шаруашылықтар ұжымдасса, жер көлемі ұлғайып, ауыспалы егістік технологиясын сақтауға мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде өнім көлемін 40 пайызға арттыруға ықпал етеді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии