Мәзір

Шетелдік инвестор 117 млрд теңгеге ет кешенін салғысы келеді

01.12.2023
Шетелдік инвестор 117 млрд теңгеге ет кешенін салғысы келеді

Шығыс Қазақстан облысында шетелдік инвестор 117 млрд теңгеге ет өндірісін іске қосқысы келеді. Бұл туралы жергілікті әкімдік lsm.kz басылымына айтқан, деп хабарлайды World of NAN.

Lsm.kz сайтының жазуынша, жобаны кипрлік инвестор іске асырады. Облыста ет өндірісінің кешені іске қосылады деп күтіліп отыр. Жобаның құны – 117 млрд теңге, ол 1700 адамға жаңа жұмыс орнын ашуға қауқарлы. Ет өндірісінің іске асу мерзімін әкімдік нақты айтпаған. World of NAN жоба туралы мәліметті растайтын басқа дереккөздерді таппады.

Естеріңізге сала кетейік, көршілес Абай облысында құны 9 миллиард теңгеге жуықтайтын ірі ет комбинаты салынады. Қазіргі сәтте жобаны жүзеге асыруға жер телімі бөлініп қойған. Жоспар бойынша, жобаның алғашқы кезеңінде 250 жұмыс орны ашылады. Жаңа ет комбинаты мал союдан бастап өнімді экспортқа шығаруға дейінгі барлық өндіріс процесін жүзеге асырады деп күтіліп отыр.

Ұлытау өңірінде де құны 1,2 миллиард теңгелік ет өндірісі жобасын іске қосу жоспарланған. Бұл жоба 10 мың басқа арналған мал сою алаңы, тоңазытқыш қоймалары және кейіннен шұжық өнімдерін өңдеп, өткізуге арналған өнеркәсіптік кешенді қамтиды.

Сонымен қатар, америкалық Tyson Foods компаниясының қатысуымен іске асыру жоспарланған ет комбинатының құрылыс жобасы 2022 жылдан бері тоқтап тұр. Оған геосаяси жағдай (АҚШ пен Қытай арасындағы келіспеушіліктер, Украинадағы соғыс және Қазақстан билігінің ауысуы) себеп болғаны айтылады. Зауыт құрылысына жер телімдерінің бірнеше нұсқасы ұсынылып, соңында Алматының маңындағы «Арна» индустриалды аймағынан жалпы ауданы 100 гектар аумақ таңдалған еді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии