Ақтөбе облысында түрік инвесторы қант өнеркәсібіне қатысты жобаны іске асыруын тоқтатқан. Бұл туралы World of NAN порталы LS басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Кәсіпорынның ашылатыны «Investment Aktobe-2022» инвестициялық форумы барысында белгілі болған еді. Сол кездегі Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен Omtis Ortadoğu Makina компаниясының құрылтайшысы Ибрагим Гүлтекин қант зауытының құрылысы жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойған.
Кейінірек түрік компаниясы қант зауытын ашу үшін 550 миллион доллар инвестициялауды жоспарлап отырғаны хабарланды. Ал облыс әкімдігінің LS басылымына берген соңғы ақпаратына сәйкес, қазіргі сәтте жоба тоқтап тұр.
«Қазіргі уақытта жобаның бастамашысы бірқатар объективті факторларға (қаржыландыру мәселелері, техногендік төтенше жағдай) байланысты оны жүзеге асыруды тоқтатты», - деп әкімдік атап өтті.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 20 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге жетеді, ал жобаның құны 250 миллиард теңгені құрайды деп болжанған еді. Өнеркәсіп іске қосылған сәтте 180 адамды жұмыспен қамтитыны күтілді.
«Балапанды күзде санайды» демекші, құны миллиондаған долларды құрайтын көптеген жоба іске асатыны туралы елімізде жиі хабарланса да, олардың елеулі бөлігі аяқталмай жатып жабылып жатады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение