Аршалы ауданындағы ауыл мектебінің оқушылары математика пәнінің мұғалімі Зәмзәгүл Әбдинамен бірге биогумус алу үшін калифорниялық құрттарды өсіріп жүр. Бұл туралы World of NAN порталы inform.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Зәмзәгүл Әбдина 2015 жылы мал қалдықтарын кәдеге жаратудың балама жолдарын іздей бастаған. Мектеп бақшасындағы «құрт питомнигі» осылай пайда болды.
«Оқушылар калифорниялық құртқа жыл бойы қамқорлық жасайды: оларды тамақтандыру үшін бункерге сәбіз, қызылша, өңделген қияр мен қызанақтың қалдықтарын, картоп қабығын салады», - дейді идея авторы.
Одан кейін мектеп оқушылары биогумусты көкөніс және гүл дақылдарының қосымша азығы ретінде жылыжайлар мен атыздарға салады. Соның арқасында мектеп жылыжайында химиялық тыңайтқытарсыз-ақ жылына 500-700 келі қызанақ, 1000-1200 келі қырыққабат, 600-1000 келі қияр, 300-500 келі сәбіз, қызылша, пияз, кәді өсіріледі. Биогумус мектептегі бөлме өсімдіктеріне тыңайтқыш ретінде де қолданылады.
«Биыл күзде қызанақ, бұрыш және қырыққабаттың болашақ көшеттері үшін тоғыз қап биогумус дайындадық. Сондай-ақ жыл сайын мектеп асханасында дәруменмен байытылған тағамдар үшін көкөністер жинаймыз», - дейді сегізінші сынып оқушысы Валерия Кузнецова.
Оқушылар мен ұстаздың еңбегі облыстық, республикалық экологиялық жобалар байқауында назарға іліккенін айта кеткен жөн.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение