Мәзір

ШҚО-да 4000 данадан астам АӨК-ке арналған техника есептен шығарылуға тиіс

20.03.2024
ШҚО-да 4000 данадан астам АӨК-ке арналған техника есептен шығарылуға тиіс

Шығыс Қазақстанда алдағы екі жылда төрт мыңнан астам ауылшаруашылық көлігі утилизацияға жіберілуі керек. Облыста ауыл шаруашылығы техникасы паркін түбегейлі жаңартуға мұқтаждық артып отыр. Бұл туралы World of NAN порталы 24kz арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасының тозуы 80%-ға жетті. Ал республикадағы машина-трактор паркінің жылына 4,5 пайызы ғана жаңартылады. Сондықтан егіс науқаны қарсаңында фермерлер моральдық әрі техникалық тұрғыдан ескірген тракторлар мен комбайндарды көктемгі дала жұмысына дайындап жатыр.

Облыстағы 4 мыңнан астам техника есептен шығарылып, утилизацияға жіберілуі керек. Биыл Шығыс Қазақстанда егістік алқаптары шамамен 7 мың гектарға кеңейгенін ескерсек, техника паркін жаңарту бұрынғыдан да өзекті екенін түсінуге болады.

24.kz сайтындағы материалда агробизнес қолжетімді несиеге мұқтаж екені айтылады. Кәсіпкерлер жыл сайын қымбаттап бара жатқан құрал-жабдықтардың несие пайызын төмендетуді талап етіп жүр. Үкімет отандық өндіріс орындарын субсидиялау арқылы трактор мен комбайнның нарықтағы бағасын төмендетуге үміттенеді.

Десек те, жыл сайын Қазақстанда 15 мыңнан сәл астам ғана арнайы техника шығарылады. Мемлекет масштабын алып қарасақ, бұл өте аз көрсеткіш. Мысалы, бір ғана Түркістан облысында егіс жұмыстарына 20 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған.

Еске салайық, мемлекет басшысы жыл сайын ауыл шаруашылығы техникасын 10 пайызға дейін жаңарту міндетін қойған болатын.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии