Мәзір

«SHYMKENT» ӘКК-ге 105 миллион теңге айыппұл салынды

16.01.2024
«SHYMKENT» ӘКК-ге 105 миллион теңге айыппұл салынды

«SHYMKENT» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына бизнесмендердің құқығын бұзғаны үшін 105 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл жайлы World of NAN порталы Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тексеріс барысында ӘКК кәсіпкерлермен келісімшарт жасау кезінде шарттық міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әртүрлі пайыздық айыппұлдар қолданғаны анықталған. Мысалы, ЖШС-нің бірімен бірлескен қызмет туралы жасалған келісімге сәйкес құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі бұзушылықтар үшін ӘКК 0,01% мөлшерінде айыппұл төлеуді міндеттеген, ал осыған ұқсас бұзушылықтар үшін  басқа ЖШС-ге 5% қолданылған. Айтарлықтай айырмашылық пен әртүрлі шарттардың талаптарын қолдану кәсіпкерлердің құқығын өрескел бұзған.

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты прокуратураның уәждерімен келісіп, ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ӘКК кінәлі деп тауып, 104,7 млн. теңге айыппұл салды (нарық субъектілерінің үстем жағдайын теріс пайдалануы).

Шыменттегі кейс ӘКК-ге қатысты жалғыз жағымсыз оқиға емес. Былтыр дәл осы ӘКК қызметкерлері әлеуметтік ұнды сатып алу кезінде 70 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырғаны белгілі болған. Одан бөлек Қызылорда облысындағы ӘКК басшысы өзіне тиесілі компаниямен келісім жасасып, 120 млн теңгеге шын өмірде жоқ күрішті сатып алып, оның 100 млн теңгесін өз қажетіне жұмсағаны ортаға шыққан еді. 

Былтыр сенатор Сағындық Лұқпанов ӘКК-лердің жұмысын реттейтін арнайы заң жобасын жасауды ұсынған. Алайда вице-премьер Роман Скляр ӘКК үшін арнайы заң жасау үкіметтің жоспарында жоқ екенін, дегенмен квазимемлекеттік мекемелердің жұмысын реттеу туралы құжатқа арнайы баған енгізетінін айтты. Ол ӘКК-лер бизнестің бәсекелесі емес, керісінше, аймақтық дамуға жағдай жасайтын құрылым болуы керек екенін жеткізген.  


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии