Мәзір

Шымкентте 2024 жылы 4 сүт-тауарлы ферма салынады

04.01.2024
Шымкентте 2024 жылы 4 сүт-тауарлы ферма салынады

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек Шымкентке жұмыс сапары аясында қаладағы бірнеше кәсіпорынды аралап, жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Ол 2024 жылы Шымкентте құны 4,5 млрд теңгелік 4 сүт-тауарлы ферма салынатынын айтты. Бұл туралы World of NAN порталы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Вице-министр субсидия алу, атап айтқанда, ет және жұмыртқа өнімдерін өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсету тақырыбына қызығушылық танытқан тауар өндірушілердің сұрағына жауап берді. Әбілхайыр Тамабек ережеге сәйкес асыл тұқымды бір күндік төлдерді сатып алу; құс етін өндірудің өзіндік құнын төмендету; асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытының соңғы түріндегі тәуліктік жас жануарларды алу субсидияланатынын түсіндірді. Сонымен қатар, инвестициялық салымдар кезінде АӨК жұмсаған шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау көзделген, бұл ретте өтеу үлесі 25% құрайды.

Ол іссапар барысында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағдарламасы бойынша салынған "Эгамназаров" ЖК сүт-тауар фермасының жұмысымен танысты. Кәсіпорынның жобалық қуаты – 200 бас ІҚМ. Фермағадағы кездесуде вице-министр СҚО-ның СТФ құрылысы бойынша тәжірибесін тарату шеңберінде 2024 жылы Шымкентке 4 жобаны іске асыруға 4,5 млрд теңге бөлінетінін хабарлады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии