Мәзір

Сиырлары мол сүт беретін шаруашылықтардың рейтингі жарияланды

01.07.2023
Сиырлары мол сүт беретін шаруашылықтардың рейтингі жарияланды

Республикалық сүтті және аралас мал тұқымдары палатасы еліміздегі ең өнімді сүтті шаруашылықтар рейтингін жариялады. «Агрофирма Родина» серіктестігі еліміздегі сиырлары ең өнімді шаруашылықтар тізімін бастап тұр.  Мұндағы әр сауын сиырдан жылына орташа есеппен 11 269 кг сүт алынады, деп хабарлайды World of NAN.

Петропавл қаласында өтіп жатқан «Pro Молоко.Тренды ‘23» сүтті мал шаруашылығының халықаралық форумында ең өнімді шаруашылықтар тізімі жарияланды. Ақмола облысындағы «Агрофирма Родина» ЖШС былтыр ең жоғары көрсеткішке жетіп, бірінші орынға көтерілді. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысындағы ОХМК (Опытное хозяйство масличных культур) серіктестігі иеленді. Бұл шаруашылықтағы әр сиырдан 2022 жылы 10 761 кг сүт сауылған. Ал талай мәрте ең үздік болып танылған Ақтөбе облысындағы «Айс» ЖШС бұл жолы үшінші орынға сырғыды. Мұндағы әр сауын сиырдан 10 422 кг сүт сауылады.

Еліміздегі ең үздік 10 сүт шаруашылығының үшеуі – Қостанай облысында орналасқан. Ал Ақтөбе, ШҚО, Павлодар облыстарының әрбірінен екі кәсіпорын үздік ондыққа еніпті. Алғашқы ондыққа оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірден жалғыз кәсіпорын – «Адал» кәсіпорыны еніп отыр. Мұндағы сауын сиырлар жылына  9596 кг сүт береді.

Сауын сиырлардың өнімділігі бойынша Қазақстандағы Топ-10 шаруашылық (2022 жыл нәтижесі бойынша):

  1. АФ «Родина»  ЖШС, Ақмола облысы (11 269 кг)
  2. ОХМК, ШҚО (10761 кг)
  3. «Айс»  ЖШС, Ақтөбе облысы (10422 кг)
  4. «Адал»  АӨК акционерлік қоғамы, Алматы облысы (9596 кг)
  5. «Сарыағаш»  ЖШС, Қостанай облысы (9111 кг)
  6. «К.Маркс атындағы»  ЖШС, Қостанай облысы (9065 кг)
  7. «Победа»  ЖШС, Павлодар облысы (8784 кг)
  8. «Бек+»  ЖШС, Қостанай облысы (8302 кг)
  9. «Камышенское»  шаруа қожалығы, ШҚО (8086 кг)
  10. «ASTYK-PV»  ЖШС, Павлодар облысы (7836 кг)

Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии