Алматы соты қалалық ветеринарлық қызметтің директоры М.Жүнісов пен осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Р.Жапарханға қатысты үкім шығарды. Бұл туралы World of NAN антикорға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Аталған тұлғалар малдың оба ауруын анықтауға арналған тест-жүйелерді іс жүзінде жеткізбей, сатып алуға арналған бюджет қаражатын ірі көлемде ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.
Оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, жазаны қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеу тағайындалды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение