Түркістан облысының Сайрам ауданы, Ақсу ауылында «Zaure group» ЖШС аумағы 6 га жаңа жылыжай кешенін іске қосты. Бұл жөнінде World of NAN порталы облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жылыжай кешенін аралап, жұмысымен танысты. Ол ауыл шаруашылығын дамыту мен осындай жобаларды көбейтудің маңызына тоқталды.
Жауапты бөлім мен аудан әкіміне жаңа жылыжайлар ашу жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Жылыжай жылына 3500 тонна көкөніс өндіреді. Мұнда 55 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Инфрақұрылым, су, жарық мәселелері шешілген.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение