Мәзір

Хабарландыру

12.10.2020
Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) 2020 жылғы 7 қазандағы отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің (бұдан әрі – Қағидалар) 7 – тармағының 4) тармақшасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мынадай бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы шешім қабылданды:

1) «Союз полеводов Казахстана» жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігін

2) «ОлжаАгро» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігін;

3) «Агросақтандыру ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігін;

4) «Қазақстан ет өңдеу кәсіпорындары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;

5) «Қазақстанның Астық одағы» заңды тұлғалар бірлестігін;

6) «Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігін;

7) «Қазақстандық автобизнес қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігін;

8) «KazGrain» Ұлттық экспорттаушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігін;

9) «Солтүстік Қазақстанның Қарапайым заттар экономикасы Қауымдастығы» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігін;

10) «Қазақстанның фермерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлер қауымдастық нысандағы бірлестігін;

11) «Қазақстанның астық өңдеушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігін;

12) «Қазақстанның шошқа шаруашылығы одағы» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігін;

13) «Қазақстанның Ет Одағы» дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалар бірлестігін;

14) «АлматыЭкспертиза» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігін.

15) «Қазақстан құс өсірушілер одағы» заңды және жеке тұлғалар бірлестігін;

Сонымен қатар, Қағидалардың 13-тармағы 2) тармақшасына сәйкес Комиссия жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мынадай бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы шешім қабылдады:

  • «Қазақстанның Ұлттық Агроөнеркәсіптік палатасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қауымдастығын;
  • «Тау-кен өңдіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» заңды тұлғаларының бірлестігін;
  • «Қазақстан тауар өндірушілері және экспортқа шығарушылар одағы» заңды тұлғаларының республикалық бірлестігін;
  • «KAZWATER» су пайдаланушылардың, тұтынушылардың және көліктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар республикалық бірлестігін;
  • «Қазақстан тағам кәсіпорындарының одағы» заңды тұлғаларының бірлестігін.

Ақпарат көзі: www.gov.kz/memleket/entities/moa


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии